Сызықтық алгебра

Сызықтық алгебра – алгебраның есептердің сандық шешімдерін математикалық бейнелеу және зерттеу процестеріне арналған маңызды бөлімі. Сызықтық алгебраның негізгі есептерінің екеуінің мәні ерекше зор: сызықтық алгебралық теңдеулер жүйесінің шешімі және матрицаның меншікті мәні мен меншікті векторларын анықтау. Басқа да жиі кездесетін есептері: кері матрицаны табу, анықтауышты есептеу, алгебралық көпмүшеліктің түбірін табу. Сызықтық теңдеулер теориясы – сызықтық алгебраның ең алғашқы саласы. Бұл теорияның дамуы нәтижесінде анықтауыштар теориясы, одан кейін матрицалар теориясы және бұған байланысты векторлық кеңістіктер мен сызықтық түрлендірулер теориясы жасалды. Сызықтық алгебраға, сондай-ақ формалар теориясы, оның ішінде квадраттық формалар және ішінара инварианттар теориясы мен тензорлық есептеулер де енеді. Функционалдық анализдің кейбір тараулары сызықтық алгебраның осыған сәйкес мәселелерінің одан әрі дамуы болып есептеледі.
Дереккөздер
[өңдеу | дереккөзін өңдеу]«Қазақстан»: Ұлттық энциклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
| Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты болуы үшін уикилендіру қажет. |
| Бұл — математика бойынша мақаланың бастамасы. Бұл мақаланы толықтырып, дамыту арқылы, Уикипедияға көмектесе аласыз. |
| ||||||||||||||||||||||||||